Қалай дейді бұндайды? Төсеніш? Білмеймін.

Әжем жасаған. Ет табақ тайғанап, ойнақтап тұрмас үшін, шаугім-шәйнек үстел бетін құртпас үшін табылған ақыл деп ойлаймын :)

Тоқу әдісін көрсетті, бірақ менің ойым басқада, шаугім-шәйнектің астында қалдырмай, үстіге киетіндей зат тоқыса :)

Осындай төсеніштердің сан түрін көрген едім, кім біліпті құдайдың құтты күнінде блог жүргізетінімді, әйтпегенде суретке түсіріп алар едім :) Сізде осы типтес заттар болса, бөлісе отырыңыз. Пошта бұрынғы: salteschka@gmail.com немесе saltik1@mail.ru. Асыға күтеміз :)