16-сәуір күні Ару Алматы 2011 көрмесіне ұшып барып қайттым.
Халықаралық зергерлер көрмесіне қатысушылардың көбі Ресейден (әсересе, Москва қаласы). Түрік елінен, Қырғызстаннан да біраз бұйымдарын көрсетуші фирмалар бар екен. Және де өзіміздің Қазақстанның зергерлері.
Авторлық жұмыстар болғандықтан көп зерлергер өз туындыларын суретке түсіртпеді. Сондықтан, рұқсатын алған зергерлердің/фирмалардың суреттерін жарияламақпын (қарсы болмасаңыздар, әрине):
Ал, мына тастар өте қымбат екен. Әсіресе ортасындағыларды қолмен ұстауға да болмайды екен
Көк тастардың біреуі (лазурит) – 10 мың теңге.
Ал, мынау Улия Маратқызы Молдағалиева: дизайнер-үлгіші, суреткер, Қазақ Көркем Академиясының академигі, Қазақстан суретшілер Қауымдастығының мүшесі. (Ақпарат Улия Молдағалиева берген брошюрадан алынған)

Түркияның ірі зергерлері:
Мына кісілер (Әлия мен Лидия) бисерден, жартылай бағалы тастардан неше түрлі қолөнер бұйымдарын жасайды, өте нәзік, ұқыпты жасалған екен (өзім асығыс болғаннан кейін ба, бірінші көзге түскен осы шеберлер болды). Астаналықтар. “Dalis” деп аталады екен компаниялары, ”Этуаль” сән центрі, Победа даңғылы 59 адресі бойынша табуға болады(тел. 8 7172 38 39 64)
Және Алматыда: Желтоқсан көшесі 118 (тел. 8 727 272 11 16).

Бір сағаттың ішінде аралап шықтым. Көздің жауын алатын бұйымдар өте-мөте көп болды… Келесі жолы асықпай бару керек екен.
Айпақшы, мен сондай кішкене бойлымын.





кідай/кідай түрінен сол )))
негізі сенімен барғым келіп еді, кеЧр бара алмадым, мағанда қызық жерде болғып келіп тұрып қалдым
келесі жолы міндетті түрде баруға тырсам
сосын, ол кезде де инфо бересін го блогыңа ага?
неге 1-ақ күн көлемінде болды? аз ғо, мыналарды аралап бітпейсің
негізі, 4 күн болған, 14-і сәуірден бастап, 17-не дейін…
басқа да көрмелерге, мастер-класстарға бара берейік
Османлы Такы, Осман ағаның дүкені де қатысты ма көрмеге?
Осман аға?
Османлы Такы болды, а ол кімдікі екенін білмедім
Есесіне, сен сондай әдемісің!Айтпақшы, көрмеге Қазақстандық зергерлер ұлттық нақыштағы дүниелер қоймады ма? Қазақстандық зергерлерде басқалармен салыстырғанда қандай стильдік өзгешеліктер бар екен? Ох, зергерлер жайында білімім таяз екенін сезіп отырмын(((
Нұрлан Қазбалиновтың, Серік ағамыздың (фамилиясын ұмытып тұрмын) жұмыстары болды, және кіші-гірім қолөнершілер болды.
Өзгешелік сол аң стилінде (звериный),ою-өрнектерге толтырып салатындарында ғой.
Басқа елден келгендедікі бір біріне өте ұқсас. Біздікі сол – ұлттық нақышта көбінде…
Әрине, бұл менің жеке көзқарасым. Зергерліктен хабарым аздау… тіпті жоқ десем де болады