Қолдан жасаған шашбау бар еді. Енді міне, нағыз шашбауды назарларыңызға ұсынбақпын.

Нұрғиса Тілендиев ағамыздың кітаптарының тұсау кесеріне барғанда “Айқын” газетінің тілшісі Қаншайым Байдаулетованың шашбауына көзім түсіп, артынан қалмай жүріп, суретке түсіріп алдым. Блогқа жариялауға рұқсатын бергені үшін Қаншайым ханшайымға алғысым шексіз.