Блог-құрылтайдың негізгі бес демеушісі болды ғой. Әрбір демеушіге “КонАр” атты жеке кәсіпкерге тапсырыс беріп, дайындаттық (айта кететін жайт, идея Асхаттікі, Қоңыр ағай мен Анар тәтейлермен таныстырған – Мырзабек және қаржылай көмек көрсеткен – Қалдықыз).
Блог-құрылтайға қатысқан әрбір блогшы бірінші ұйымдастырған, идея тастаған, “оп” деп бастап кеткен жігіттерге рахмет айтса, екінші осы демеушілерімізге АЛҒЫС айтады деп ойлаймын.
Демеуші болмаса кез-келген идеяның жүзеге асуы/аспауы екі талай ғой. Сондықтан, қадірменді блогшылар, аса құрметті демеушілерге тағы бір алғысымызды білдірсек.
Серіктес болған -KIMEP
Бас демеуші -KCELL
Техникалық демеуші – ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ
РАХМЕТ!!!
пысы: фотоаппарат сапасы үшін кешірерсіздер















