Брелок: асық Сенбі, Сәу 30 2011 

Әдемі-ай компаниясының және Empire компаниясының алтын, қола, алюминий, күміс, т.т. металлдар жалатылған брелоктары бар. Ал мынадай, табиғи асықтан брелок жасағанды бірінші рет көріп тұрмын. Брелок иесі – өнер адамы 🙂

Не көрмеген қалтафон дерсіз, «басты рөльде» асық екенін ескертемін 🙂

Сурет брелок иесінің рұқсатымен түсірілген, әрі жарияланған.

Нағыз шашбау Сейсенбі, Сәу 19 2011 

Қолдан жасаған шашбау бар еді. Енді міне, нағыз шашбауды назарларыңызға ұсынбақпын.

Нұрғиса Тілендиев ағамыздың кітаптарының тұсау кесеріне барғанда «Айқын» газетінің тілшісі Қаншайым Байдаулетованың шашбауына көзім түсіп, артынан қалмай жүріп, суретке түсіріп алдым. Блогқа жариялауға рұқсатын бергені үшін Қаншайым ханшайымға алғысым шексіз.

Ару Алматы 2011: мини фоторепортаж Сейсенбі, Сәу 19 2011 

16-сәуір күні Ару Алматы 2011 көрмесіне ұшып барып қайттым.

Халықаралық зергерлер көрмесіне қатысушылардың көбі Ресейден (әсересе, Москва қаласы). Түрік елінен, Қырғызстаннан да біраз бұйымдарын көрсетуші фирмалар бар екен. Және де өзіміздің Қазақстанның зергерлері.

Авторлық жұмыстар болғандықтан көп зерлергер өз туындыларын суретке түсіртпеді. Сондықтан, рұқсатын алған зергерлердің/фирмалардың суреттерін жарияламақпын (қарсы болмасаңыздар, әрине): (толығырақ…)

Брелок: кілт Дүйсенбі, Сәу 18 2011 

Аяқөнер демей не дерсіз 🙂

Қарапайым болғанда қарапайым брелок…

пысы: фотоаппарат Жапониядан келген. Әрине, Жанна арқылы алдым. Рахмет, ЖАННА!!!

«Көктем – №1 қолөнер» Сәрсенбі, Сәу 6 2011 

Орталық көрме залында 5-і сәуірден 10-ына дейін «№1 қолөнер – көктем» («Ручная работа №1 – весна») атты бірінші Алматылық сауда-көрме жүріп жатыр. Бұл көрмеде кәсіби қолөнершілермен қатар әуесқой қолөнершілердің көптеген, мыңдаған қызықты дүниелері болмақ.

Алматыдан, Астанадан келген өзіміздің қолөнершілермен қатар, Ресей, Қырғызстаннан келген қонақтар да болады екен.

5-10 сәуір, 2011 жыл.

Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі (Жамбыл көшесімен қиылысында), 137 үй – Орталық көрме залы.

Көрменің жұмыс уақыты: жай күндерінде 10.00-19.00, дем алыс күндерінде 10.00-18.00.

Кіру тегін.

Елена Боровиковаға хабарлассаңыз да болады екен: 8 701 714 05 92.

Ақпарат көзі.

Барып қайтсақ па?! м?

Айтпақшы, ақпаратпен бөліскен Таразқызы. Көп рахмет 🙂

Зердеден: кесте Сәрсенбі, Сәу 6 2011 

Осындай дүниелерді жасай алатын адамдарға басымды иемін. Автордың айтуы бойынша осындай кесте тоқу үшін 6 айы кеткен екен және алғашқы туындысы… Бірақ, қараңызшы, неткен керемет… «Кесте тұнып тұрған математика» деп айтсам қатты кетер ма екенмін 🙂 Зерде ханым математик шығар, қалай ойлайсыздар?!

Кестені бастамас бұрын шүрім-бүрімдер тұратын қобдишаңызды қол жетімдік (ине керек боп қалса, қайшы керек болса, мысалы) жерге орналастырыңыз. Осындай картина жасау үшін сізге: (толығырақ…)

Ару АЛМАТЫ 2011 Дүйсенбі, Сәу 4 2011 

Алматы қаласында 14-і сәуірден 17-і сәуірге дейін 9-ы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРГЕРЛІК КӨРМЕ «Ару Алматы 2011» өтеді.

Ресей, Украина, Италия, Турция, Арменяи, Индия, Жапония, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекістан, Қырғызстан сияқты елдердің және Қазақстанның зергерлік бұйымдары болады.

Сатып алушының талоны бойынша зергерлік бұйымдар ойнатылады.

Шақыру билеті бойынша кіру тегін.

14 сәуір – 11:00-19:00

15 сәуір – 11:00-19:00

16 сәуір – 11:00-19:00

17 сәуір – 11:00-16:00

Ұйымдастырушылардың телефондары: +7 (727) 250-75-19, 261-02-97, 272-95-31

Өтетін орны: Атакент (Темирязев пен Әуезов көшелерінің қиылысында), 9С, 9В  павильондары.

Пысы: сурет http://www.kazexpo.kz сайтынан, мәтін шақыру билетінен алынды.

Астана қаласында «Ару-Астана 2011» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРГЕРЛІК КӨРМЕ  жыл сайын 17-20 желтоқсанда өтіп тұрады екен. Астанада биыл сегізінші көрме болмақ және өтетін орны Астана қаласы, Достық көшесі 3, «Көрме» көрме комплексі. Ақпарат көзі

Полимерлі саз пионері – Kathleen Dustin Сәрсенбі, Нау 30 2011 

Kathleen Dustin полимерлі сазбен жұмыс істейтін әйгілі суретшілердің бірі.

Суреттер http://www.kathleendustin.com/ сайтынан алынды.

 

Сыйлық: демеушілерге Сенбі, Нау 26 2011 

Блог-құрылтайдың негізгі бес демеушісі болды ғой. Әрбір демеушіге «КонАр» атты жеке кәсіпкерге тапсырыс беріп, дайындаттық (айта кететін жайт, идея Асхаттікі, Қоңыр ағай мен Анар тәтейлермен таныстырған – Мырзабек және қаржылай көмек көрсеткен – Қалдықыз).

Блог-құрылтайға қатысқан әрбір блогшы бірінші ұйымдастырған, идея тастаған, «оп» деп бастап кеткен жігіттерге рахмет айтса, екінші осы демеушілерімізге АЛҒЫС айтады деп ойлаймын.

Демеуші болмаса кез-келген идеяның жүзеге асуы/аспауы екі талай ғой. Сондықтан, қадірменді блогшылар, аса құрметті демеушілерге тағы бір алғысымызды білдірсек.

Серіктес болған –KIMEP

Бас демеуші –KCELL

Техникалық демеуші – ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ

Қолдаушылар – NOKIA, HP

РАХМЕТ!!!

пысы: фотоаппарат сапасы үшін кешірерсіздер 🙂

Ленталы тоқыма білезік Жұма, Нау 11 2011 

Қолданылған 4 түрлі лента (әрқайсысынан 30 см -ден кеткен шығар), негізі тоқылатын жіп, бір түйме.

Хабарландыру: өз өнерлеріңізді жіберім десеңіз, өз өнеріңізбен бөліскіңіз келсе, пошта міне: salteschka@gmail.com немесе saltik1@mail.ru. Асыға күтеміз

Келесі бет