Көп күттірген фото!!! Шашқа тағу әдісі мықты енді… Сөз жоқ…
Қазақи шашбау balgyrgan 10:10 тд
Көп күттірген фото!!! Шашқа тағу әдісі мықты енді… Сөз жоқ…
АЛАҚАЙ!!! туралы Нектария | |
Ленталы тоқыма білезік туралы Aygerim | |
Зердеден: кесте туралы Lizzi | |
Қағаз жейде туралы акперзент | |
АЛАҚАЙ!!! туралы janerke |
Шашбау таққан шаш әдемі екен! Тағу әдісі мен ойлағандай екен 🙂
Мен де сырғамды таққан суретімді жіберем шығар саған:) Пиарды үйреніп жүрмін (с) 🙂
ма*ма, ма*ма таққан/жасаған адамдар ваще куЧт екен 🙂
Керемет! Қаншама еңбек десеңші… ))
Щащбау тағу менің де арманым болатын. Кинодағы не театрдағыдай сылдыр-сылдыр етіп, шашты төмен тартып тұратын шашбаулар ұнайтын. Сондай шашбаулар шаштың тез өсуіне әсері бар деген ақпар естіген соң болар. Ол кезде шашым ұзыыыын болса деп армандайтынмын, махаббатым масқара болатын шашқа. :). Әжелерден сұрадым, ол кісілер өздері тағуды қойған соң, жоғалтып алғанын айтты. Дүкендерде жоқ. Бірде бір магазиннен көріп қалдым. Ленин атамның басы бар үш күміс тиынды бір-біріне жалғап қойыпты, онысына атанның құнын сұрайды. Лениннің басын КСРО кезінде шолпы қылу қылмыс болған шығар, ал қазір ұят қой, иә? Өзім дүкеннің заттарынан келістіріп шашбау жасап алатын болдым сосын. Моншақты шашбауым сыңғыр-сыңғыр еткенде басында қуанатынмын. Кейіннен шаршап кетесің. Шаршағанда, оның даусы елдердің назарын аудара бергенге ұяласың. Ал, мына шашбау тым ерекше екен! Сылдырламайды, шашқа әдемі жарасады! Еңбек еткен адамның шыдамдылығы мен ұқыптылығы, ойының жүйріктігі таңқалдырды! Рахмет сізге, Салтанат! Өмірімдегі ерекше сыйлық болғанына сеніңіз! Айтпақшы, Салта, сіздің бұл ебегіңіздің жемісі – менің шашыма сән келтіру ғана емес, өзге де қыздардың шашбау тағуға құмарлығын ояту да болды дер едім. Шашы иығынан түсетін қыздар «Бізге тиыннан жасап берсінші, қанша болса да сатып аламыз» дейді. :). Очм, сіз шашбау-бизнесінен мол пайда таба алатыныңызға сеніңіз! 😀
ал Салта, айттым ғой, бизнес басталды деп =)
фотоны көріп «Қыз сыңы» әні есіме түсті «бүрмелі көйлек.., қиылған қасы.., жүректі тербеп…» 😉
гігігік. Мен де көрдім деп мақтансам бола ма?
Қап, бір кездесуге бармаймын деп бәрінен құр қалғанымды қараш…
Өте әдемі екен. Кәмшаттың шашы да көздің жауын алып әдемі болып төгіліп тұр ғой…
Iyktan shashbau
Togilip jerge
Бөкен «иықтан шашың» емес пе? 🙂
Қазіргі тиындардан да, шашбау жасау қылмыс:
«ҚР Ұлттық рәміздер туралы» Заңы, 12-бап, «ж» тармақшасы: «…ҚР Елтаңбасы белгіленген ҚР ұлттық вальютасы теңге монеталарынан шашбау жасауға тиым салынады!»
Жаза түрі: 6 айға дейін бас бостандығынан айыру немесе 350 АЕК көлеміндегі айыппұл немесе шашты тақырлап алып тастау;
Лениннің басы бар тиындардан шашбау жасау ше? Ол қылмыс па әлде күнә ма? 🙂
қызыл бешпет үстіңде
қынама бел шашбаулым
алтыбақан теруге
сұрана кел, шашбаулым
ай толысып аспанда
туған кезде шашбаулым
ойнаймын деп ақсүйек
қуана бер шашбаулым…
1.Қона қалған бойыңа құндыз бөрік шашбаулым,
Жарқырай бер жағада, жұлдыз болып мақтаулы шашбаулым,
Жолығайық уәделі бір күнде де мақтаулы шашбаулым,
Сыңғыр шолпы шашбаулым,
Жарасады таққаның
Осы сәнің тұрғанда қаламаймын басқаны
Көк қойлегің желбіреп
Жас жүрегің елжіреп
Сүйіншілеп жеңгейлер
Шашбаулы қыз келді деп
2.Әсем нәзік сезімді жандырады шашбаулым,
қанғандай бір болады жан құмары мақтаулы шашбаулым,
күңгір сырғаң ақмоншақ шолпыларың шашбаулым,
көп жігітті есінен тандырады мақтаулы шашбаулым.
3.Қызыл бешпент үстіңде қынама бел шашбаулым,
алтыбақан тебуге сұрана бер мақтаулы шашбаулым,
ай толысап аспанда туған кезде шашбаулым,
ойнаймын деп ақсүйек қуана бер мақтаулы шашбаулым.Ехехех!
Кәмшаттың жазғанын оқып менің де есіме түсіп кетті мен де сол кеңес дәуірінің тиындарынан шашьау жасаған едім, оой шылдыр шылдыр етіп бір мұғалімім мынауың болмайды деп, одан соң өзім де жалығып кеттім біраө ауыр болып жақсы тұратын.
[…] Қолдан жасаған шашбау бар еді. Енді міне, нағыз шашбауды назарларыңызға ұсынбақпын. […]
менде де болған мектеп кезінде. Ленин атаның басынан тиындардан жасағанбыз, бірақ сылдыр-сылдыр етіп адамды біраз шаршататын
менде де болған ол маған өте әдеми жарасатынол сылдыр сылдыр етип туратын
Түүүүүү, мен шашбау, шолпы дегендер енди сәнге айналып жүр десем… Уақыттан қалып кетіппін ғой! Қандай керемет!!! Жарайсындар, бойжеткендер!! Аллах-тағалам бақтарыңды ашсын, әумиин!